“Ақмарал” бөбекжай балабақшасы Түркістан облысы, Жетісай ауданы Жетісай қаласы, Хұсайнов көшесі №47 үйде орналасқан. Балабақша екі жағынан жапсарлай салынған кіру есіктері дербес екі корпустан тұрады. Жұмыс уақыты 5 күндік сағат 800-1830ға дейін жұмыс істейді. Барлық бөлмелер талапқа сай жабдықталған.

Балабақша төрт топқа арналған: Ерте жас тобы және кіші топ, ортаңғы топ, ересектер тобы. Әр топта екі тәрбиеші және тәрбиешінің көмекшісі жұмыс істейді. Барлық бөлмелер талапқа сай жабдықталған. Топ бөлмелері: Оқу-ойын, тамақ ішу бөлмесі және жатын бөлмеден тұрады. Асхана, меңгеруші, кір жуу бөлмесі, мейірбике бөлмесі екінші корпуста орналасқан. Балабақшаның балалар ойнайтын ойын алаңдарында тазартылған құмдар төселген. Әжетхана ішкі ғимаратта және аулада орналасқан Бөбекжай балабақшада балаларға толық жағдай жасалған.

Су электр жүйесі орталықтандырылған, жылу жүйесі газбен жылынған, балабақшаның сырты қаңылтырмен қоршалған. Ауласы көгалдандырылған, жеміс бағы әсемдік ағаштармен гүлзарларға күтім жасалған.
Медициналық бөлме балалардың антропометриялық өлшеулерін анықтайтын құралдармен жабдықталған. Оқшаулауға арналған,егуге арналған бөлмелер бар, балаларға қажетті дәрі-дәрмектер бар, тоңазытқыш істеп тұр.

Балабақшада педагогтардың саны-10. Білім деңгейлері бойынша төмендегідей:
Жоғары білімді-7
Арнаулы орта білімді- 3
Шебер-
Зерттеуші-
Модератор-2
2-шi санат-3
Санатсыз-5
Учаске алаңы-832,0 м2
Жобаның қуаттылығы -90 бала.
Жұмыс күні – 5 күндік.
Жұмыс уақыты:800 -1830
1300 -1400 аралығында түскі үзіліс беріледі.